Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН: СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шардара қаласы Спорт кешенінде ересектер арасында қазақ күресінен Түркістан облысының ІІІ спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа облыстан 12 команда бақтарын сынады. Жарыста жерелестеріміз 3 алтын, 2 күміс, 4 қола алқаны қанжығасына байлады.
Алтыннан алқаны 55 кг салмақта Саят Чапай, 82 кг салмақта Руслан Аллаберді, 100 кг салмақта Қайсар Шамшидинов иеленді.
Күміс жүлдені 90 кг салмақта Зейін Бейсенбай және +100 кг салмақта Кенесары Орынбасар еншіледі.
Қола жүлдені 60 кг салмақта Азамат Айдынғали , 66кг салмақта Қабылбек Нұрманов , 74 кг салмақта Мұса Мекенбай және түйе палуан күрескен Ерболат Есенбаев қанжығасына байлады.
Осы жарыстың үздік спортшысы болу Мұса Мекенбайға бұйырды.
Жалпы командалық есепте 1 орынды Шардара ауданы, 2 орынды Отырар ауданы, 3 орынды Ордабасы ауданы иеленді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*