Маңғыстау облысына мақтааралдықтар 1 вагон, Жетісай ауданының шаруалары 74 тонна пресс шөп жөнелткен. Батыстық ағайынға көмек көрсетуді шардаралық шаруалар жалғады.
Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің азаматтары шығынға ұшыраған шаруаларға жүк көлігімен 1000 дана пресс шөп жөнелтті. Сауабы мол іске С. Әбдіраманов бастаған ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты және «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қорының мүшелері атсалысқан.
Шардаралық жомарт жандардың сөзінше, жиналмаған пресс шөбі әлі көп. Алдағы уақытта оларды тағы да жіберу жоспарлануда. Осылайша, қиындыққа тап болған батыс өңірінің жұртшылығына Түркістан облысының шаруалары қолдан келгенше жәрдем беруде.