Түркістан облысы әкімі аппараты мен Департамент бірлесіп барлық аудан, қала әкімі аппаратының басшылары мен тиісті сала басшыларының, «ҰАТ» АҚ-ның облыстық жауапты тұлғалары және облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қатысуында бейне конференция арқылы жиын өткізді.
Аталған жиналыста жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы күрделі мәселелер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту талқыланды.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында анықтаған бұзушылықтар баяндалып, алдағы уақытта болдырмау, шаралары бойынша түсіндірілді.
Орын алған бұзушылықтар бойынша сөз қозғалып, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Осы тұста, бірқатар аудан, қала әкімі аппараттарының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелері және оларды жақсарту бойынша ұсыныстары тыңдалды.
Аталған ұсыныстар назарға алынып, Департамент тарапынан қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасау, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау, мемлекеттік қызметтерді барынша электронды түрде алу мүмкіндігін насихаттау қажеттігі жеткізілді.
Сондай-ақ, бірқатар уәкілетті органдарға мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті ақпараттық жүйелердің іркіліксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету ескертілді.
Атап өту қажет, анықталған бұзушылықтар 2020 жылмен салыстырғанда 87 пайызға немесе 183 құқықбұзушылыққа артқан.