Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Келес ауданына сапарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жаңашылдықтармен таныстыру мақсатында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұжым қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде ел мүддесі жолында еңбек ететін мемлекеттік қызметшілерге бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер баяндалды.
Бұдан бөлек, жиында мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындауы ықтимал сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол бермеу мәселелері ортаға салынып, адал қоғамды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.