Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АДАЛ БОЛМАЙ, АЗАМАТПЫН ДЕМЕГІН

АДАЛ БОЛМАЙ, АЗАМАТПЫН ДЕМЕГІН

Арнайы жұмыс сапарымен Келес ауданында болған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев аудан көлемінде жиі ұшырасатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жұмыс сапарын аудандық емхана және жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлерімен кездесумен қорытындылады.
Өз кезегінде Ерұлан Икрамұлы ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап әкімшілік заңнамадағы түзетулердің күшіне енгендігін және бұдан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге уәкілетті болып табылатынын жеткізді.
Жиын соңында жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*