Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР «СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРУДЕ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР «СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРУДЕ

Кентаулық кәсіпкер Бекзат Хабибов үш жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашқан. «Эргеш ата» шаруақожалығының иесі Ресей Федерациясынан 100 бас асыл тұқымды симментал сиырын сатып алып, іске кіріскен. Ол бүгінде 20-ға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
Шаруаның айтуынша, алғашқы жылы сатып алынған ірі қарадан 55 бұзау туылса, биыл мал басы тағы 80 бас бұзауға артқан. Қожалықта етті және сүтті бағыт қолға алынған. Мәселен, сүтті бағытта 1-тумадағылар күніне 8-10 литр, 2-тумадағылар 25 литрге дейін сүт береді. Шикізатты Қарашық ауылындағы фермаға өткізеді.
Бір бұзаудың өзі 300 келіге дейін ет береді. Бұзаулар бордақыланып, еті Түркістан және Кентау базарларында саудаланады. Бұдан бөлек, етті өзінің жеке кәсібі асханалық бағытқа да пайдалануда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*