Бұл туралы бүгін Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Тергеу басқармасының басшысы Жақсылық Сәрсенбек 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланған баспасөз брифингінде баяндады.
Сондай-ақ, брифинг барысында әрбір аяқталған істер бойынша алдын алу шараларын күнделікті жүргізудің нәтижесінде ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес, сотқа жолданған және ақтамайтын негізбен тоқтатытылған істер бойынша заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу көрсеткіші 100%-ға жеткендігі мәлімделді.
Атап айтқанда, биылғы жылдың 6 айында 22 ұсыныс (12 ұсыныс полиция қызметкерлеріне, 8 ұсыныс әкім аппаратының қызметкерлеріне, 2 салық қызметкерлеріне қатысты) жолданып, оның 15-і қаралып, 22 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Мысалы, Төлеби аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі Д.Е.Биназарға қатысты ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен тіркелген қылмыстық іс бойынша Түркістан облысы полиция Департаментіне ұсыныс жолданып, нәтижесімен Департамент бастығының бұйрығымен қарамағындағы қызметкерлердің қызмет атқару барысындағы тәртібіне қадағалау жасамағаны үшін Төлеби аудандық полиция бастығы Б.Жанаевқа және оның кадр саясаты жөніндегі орынбасары А.Жақыпбекұлына «қатаң сөгіс», Төлеби аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары Т.Абуовқа және А.Бекенбаевқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», Департаменттің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары К.Темировке «сөгіс» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылған.
Ал, Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты ҚК-нің 361 бабы 1 бөлігімен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнер кәсібі министірлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне ұсыныс жолданған, нәтижесімен Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкері Ә.Орақбай және Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкері Д.Таженов тіркеу куәлігін иеленушінің ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымсыздық қол жеткізуден және ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 640-бабы 4-бөлімінде көзделген әкімшілік жазаға тартылғаны атап өтілді.
Айта кетсек, Департамент тарапынан жолданған ұсыныстар өз кезегінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алудың негізгі алғышартына айналып отыр.