Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 496 МЛН.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 496 МЛН.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕЛДІ

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев баспасөз жиынында мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау жұмыстары 6 мекеменің, соның ішінде Қоғамдық денсаулық басқармасы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, Түркістан қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөлімі, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаларында және Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметінде жүргізіліп, сыртқы талдау нәтижесімен 75 ұсыныс енгізілген.
Брифингте Ғабит Өмірәліұлы Департаменттің ұсынысы негізінде «Ардагерлер үйі» мекемесінің директорына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425 бап 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынғандығын және жыл басынан бері жүргізілген жалпы талдау жұмыстарының нәтижесімен 2 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын баяндады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*