Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаевтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
«Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық — талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жыл басынан бері жүргізілген мониторингтік жұмыстарға тоқталды.
Ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары спортшылардың жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысуы бойынша және жерге орналастыру жобасын дайындау салаларына қатысты жүргізілгенін мәлімдеп, ол бойынша Департаментпен 9 ұсыныстың енгізілгенін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жыл басынан бері 496 539 141 теңге. үнемделгенін жеткізді.
Жиын соңында жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 173-бабымен 2 хаттама, 681-бабымен 1 хаттама қысқартылған өндіріс тәртібімен толтырылып, 437 550 теңге өндірілгені баса атап өтілді.