Түркістан облысы Төлеби ауданының Екпінді ауылынан 5 шақырым жердегі «Біркөлік» тау шатқалына барған 2 жасөспірім тау басына демалуға көтерілген. Алайда, таудың биік болуына байланысты жасөспірімдер төмен түсе алмай, «112» нөміріне хабарласқан.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, екі туристі қауіпсіз жерге түсірді. Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен 8 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, егер тауға серуенге шықсаңыз, бейтаныс жермен жүрмей, өз күшіңізді бағалау керектігін төтенше жағдайлар департаменті ескертеді. Таулы аймақ қауіпті екенін естен шығармауды өтінеміз.