Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ 130 ТОННА ЕТ ӨНДІРЕДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ 130 ТОННА ЕТ ӨНДІРЕДІ

Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округі, Қазақстан елді мекеніндегі «Жомарт» шаруа қожалығы 2002 жылы құрылған. Қожалық мал өсірумен және бордақылаумен айналысады. Бүгінгі таңда онда 50 жылқы, 100 ірі қара, 2 000 қой бар. Шаруа қожалығының иесі Аманжолов Нұрболдың айтуынша, жылына 120-130 тонна ет өндіреді. Негізінен, қой еті өндіріліп, сауда орындарына шағарылады. Жалпы 6 адам тұрақты жұмыс істейді. Маусымдық жұмыс кезінде қосымша 25 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта қожалық мал санын арттырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*