Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ғасырлар тоғысында асқақтаған — Астана!

Ғасырлар тоғысында асқақтаған — Астана!

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шымкент әскери-техникалық мектебінде 6 — шілде Астана күніне орай
“экскурсиялық бұқаралық жұмыс” бөлімінің экскурсоводы Гүлзира Омар «Ғасырлар тоғысында асқақтаған — Астана» атты тақырыптық лекцияны курсанттарға оқып, өткізді.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру — бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында қабылданған тарихи шешім болды. 2019 жылдың көктемінде елорда атауы тағы өзгерді. Қазақстанның екінші Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда ұлықтау рәсімінде ел астанасы республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынып, жарлыққа қол қойды.
✨ Астана — Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*