Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІН ТҮРКІСТАН ТӨРІНЕН БАСТАДЫ

ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІН ТҮРКІСТАН ТӨРІНЕН БАСТАДЫ

Түркі халықтарының текті төрі Түркістан қаласына Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі М.Хайриддинов бастаған делегация арнайы іс-сапармен келді. Көрші бауырлас елден келген қонақтарды күтіп алған Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ «Ұлы дала» орталығының мәжіліс залында өңіріміздегі өзбек этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Сариев, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы А.Фатхуллаев пен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қызметкері А.Эралиевтер екі ел арасындағы ынтымақтастық келісім, татулық жайында кеңінен сөз қозғап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиын барысында облыстағы өзбек этномәдени бірлестік мүшелері өз пікірлерін айтып, өзара достық байланысты арттыру секілді ойларын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*