Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Тарихқа тағзым» 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

«Тарихқа тағзым» 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қалалық ішкі саясат бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ғалым,қоғам қайраткері,педагогика ғылымдарының докторы, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталығының төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлының «Тарихқа тағзым» атты 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Шараға қаланың зиялы қауым өкілдері мен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары М.Базарқұлов сексеннің сеңгіріне шыққан ғалымды төл мерекесімен құттықтап, алғыс білдірді. Аталмыш шараны Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов жүргізді.Тұсаукесер барысында Ө.Озғанбайұлы бес томдық «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан», » Тарих тағылымы», «Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда», «Жарық жұлдыздар» және «Тағзым» атты жинақтарға жеке — жеке тоқталып өтті.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*