Түркістан облысы, Шардара ауданында «Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан қосымша білім беру үрдісі» атты республикалық семинар өтті.
Мақсат — қосымша білім беру саласындағы идеологияның негізгі бағыттарын көрсету және Шардара ауданындағы патриоттық рухқа негізделген жекеменшік-мемлекеттік әріптестіктің жаңаша тәсілдерін насихаттау.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Тәуелсіздіктің барлық бағыттары мен негізгі жетістіктерін кеңінен көрсету бағытындағы бұл республикалық аймақтық семинарды Шардара ауданы адами әуелетті дамыту бөлімі ұйымдастырып отыр.
Бұл шараға көршілес Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан сондай-ақ, Білім және Ғылым министрілігінің өкілдері, аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары, тиісті мамандармен қоса, 90-ға жуық адам қатысты. Дәл қазіргі сәтте семинарға қатысушылар қолөнер көрмесін тамашалап, поэзия оқылды.
Семинар соңы концертке ұласты.