Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КӘСІПОДАҚ -ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

КӘСІПОДАҚ -ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім-болмыс жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым – кәсіподақ ұйымы халық арасында да зор сенімге ие ұйым.
Бұл қоғамдық ұйым жергілікті жердегі сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры. Еңбек адамдарының арасында болып кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын жедел шешуге атсалысатын бірден –бір орын.
Осы орайда, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі» -нің төрағасы Ж.Шайдулла қалалық және аудандық кәсіподақ төрағаларымен кездесу өткізді. Кездесуге Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р. Жолаев та қатысты.
Жалпы, жиында мектеп қызметкерлерінің демалысы мен техникалық қауіпсіздігінің сақталуын бақылау, олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылатын ұйым жұмысы жайында сондай-ақ, 2021-2023 жылдарға жасалынған әлуметтік әріптестік туралы келісім сараланды. Мұнда салалық деңгейдегі білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту, әлуметтк кепілдіктерді белгілеу жөніндегі құқықтық сұрақтар көтеріліп, осыған байланысты облыс өңіріндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.Сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Жүйелі жұмыстын жемісті нәтижесіне қол жеткізуді мақсат тұтқан аталған кәсіподақ ұйымы жұмысына сәттілік тілейміз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*