Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ИЗРАИЛЬДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ «№2 ТӨЛЕ БИ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ» БАРДЫ

ИЗРАИЛЬДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ «№2 ТӨЛЕ БИ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ» БАРДЫ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы Рахымбек Жолаев Израильдің Қазақстандағы төтенше және Өкілетті елшісі Лиат Вексельман ханыммен кездесті.
Өңірдің бас ұстазы кездесу барысында — еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен өзгерістер, мұғалім мәртебесі, қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыру жайы сөз болды.
Сапар барысының бірінші күні — Израиль елшісі Түркістан қаласындағы Майшай Әбенова атындағы білім ордасында болып, біршама ұстаздар қауымымен жүздесті. Басқарма басшысы Р.Жолаев білім ошағымен таныстырып, мектептегі білім беру жүйесі жайындағы бірқатар ақпараттпрмен бөлістіі. Израиль елшісі Лиат ханым оқу ордасына алып келген арнайы сыйлығын табыстап, (он ноутбук) қашықтан оқыту барысында тынбай, аянбай жұмыс жасаған мұғалімдерге ерекше алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Отырар ауданындағы «Арыстан баб» кесенеінде болып, қасиетті жерлерді аралады. Сапардың екінші күні Төле би ауданындағы №2 Төле би балалар үйіне барды. Ондағы балалар үйіне арналған жеті гектар қияр алқабында болып, тамышлатып суғару жүйесінің ашылу салтанатына қатысып, лентасын қиды. Шарадан соң, естелік кітабына жүрекжарды тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*