Қазіргі кезеңде дін қоғамдағы әлеуметтік және рухани өмірде маңызды рөл атқарады. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын дамытуға талпыныс жасайды. Діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім адамның қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынасына әсер етеді. Сол сенім арқылы адам әлемді таниды, өмір жолын таңдайды, мінезін, ойын, дағдысын қалыптастырады. Діннің қызметі адамдардың қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Әсіресе, жастарды тәрбиелеудегі діннің маңыздылығы зор. Жастар әуелі отбасынан тәлім-тәрбие алса, дін бос уақыттарында пайдасыз (зиянды) істерге барудан сақтандырады. Жастарды қоғамда белең алған пайдасыз түрлі діни-идеологиялық бағыттардан сақтандыру бүгінгі күннің талабы деп қарастыруымыз қажет.
ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ «НҰҒМАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ-ИМАМЫ НҰРҚАЗЫ НӘЛІБАЕВ