Бүгін Бәйдібек ауданы әкімдігінің бастамасымен “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жастар сарайы ғимартында Ағыбеттік батыр қыз Алтынай Мұсабекованың моншақтан жасаған қол өнер бұйымдарының көрмесі болып өтті.
Жиын барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы кешіміздің басты себепкерлері Алтынай мен анасы Күлаш апамызға арнайы құттықтау қағазы мен гүл шоқтарын табыстады және көрмеге қойылған қол өнер бұйымдарын өз қаражатына сатып алып отбасына тарту ететіндігін жеткізді.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Гүлдария Шардарбековада өз сый-сыйапаттарын тарту етті.
Көрмеге келген қонақтар, кәсіпкерлер қол өнер бұйымдарын ұнатып, бірқатар бұйымдарға тапсырыстар берді.