Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰРМЕТІ

ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰРМЕТІ

Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер клубы мүшелері көпшілікке үлгі боларлық тағы бір игі іс жасады. Қашан да қайырымдылықтан қалыс қалмай, жұртшылықты жаңа бастамаларға жетелейтін ауданның жастары бұл жолы аудан орталығы Мырзакент кентіндегі аптап ыстықта тыным таппай, тазалық жұмыстарын жүргізетін аға-әпкелеріне ауыз су мен тәтті таратты. Кез-келген ауа-райында – ыстық пен суықта, жаңбыр мен қарда қажырлы еңбектерімен құрметке бөленіп жүрген жандарға алғыстарын айтты.
«Аға-әпкелеріміздің адал еңбегін әрқашан бағалау және қоршаған ортамызды қоқыстан таза ұстау –бәрімізге ортақ адамгершілік борыш» дейді шараны ұйымдастырушы жастар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*