Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жəне аудандық Мәдениет бөлімі, аудандық Музей қызметкерлерімен бірлесе отырып, Тәуелсіздіктің 30-жылдығы мен қатар Желтоқсан оқиғасының 35 жыл толуына орай «Мұзда жанған алау» атты тақырыпта сол жылдары ел үшін ерлік көрсетіп, тәуелсіздік үшін күрескен азаматтармен жастар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты аудан жастарының патриоттық сезімін оятып, Тәуелсіздік қалай келгенін, сол үшін жанын қиған азаматтардың ерлігімен таныстырып, есімдерін мәңгі есте сақтау болатын.
Біздің ауданымызда желтоқсан оқиғасына қатысқан екі азамат бар Ешенқұлова Сәуле Мейірманқұлқызы және арнайы іс-шараға қатысқан Ахаев Абдукарим Исахович мырзамен жастар арасында әдемі әңгіме өрбіп, сол жылдары ел үшін жазықсыз жапа шеккен жастардың қанды-қасыретін көзге жас ала еске алып, жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Баянов Абден ағамыз бен кітапхана қызметкерлері қатысып өз ойларын білдірді, іс-шара соңын мәдениет үйінің қызметкері Тәліп Жалғас әуезді әнмен қорытындылады. Алдағы уақытта бұндай іс-шараларды тұрақты түрде өтіп, өз жалғасын табатын болады.