Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАҚСЫДАН ТӘЛІМ

ЖАҚСЫДАН ТӘЛІМ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қоғам қайраткерлері мен жастар арасында «ЖАҚСЫДАН ТӘЛІМ» атты еркін форматтағы кездесу өтті.
Кездесуге, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Жеңісбек Мәуленқұлов және «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, «Құрмет» орденінің иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов сонымен қатар, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшы орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы қатысты.
Қонақтар Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» және жас кәсіпкерлердің төл өнімдерімен танысып, орталық жанынан құрылған сурет үйірмесі көрмесін тамашалады.
Жиын барысында сөз бастаған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесімен құттықтай отырып, жастарды Тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.
Кездесуде қоғам қайраткерлері жастарға өз өмірлері мен жүріп өткен жолдарын мысалыға ала отырып, ақыл-кеңестерін айтып, ақ баталарын берді.
Іс-шара барысында сергіту сәті ретінде дәстүрлі әндер шырқалып, сұрақ-жауап алмасып, ұсыныстар айтылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*