Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ата-анасыз түнгі уақытта адам көп шоғырланған (Арбат, саябақта) және қараусыз қалған орындарда жүрулеріне тыйым салу, жастар арасында қолайсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім» атты түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Іс – шара барысында аталған мекемелер 2 топқа бөлініп Майлыкент а/о-де жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында аудан тұрғындарына кәмелет жасына толмағандарға 23:00-ден кейін заңды өкілсіз бей-берекет жүрмеу керек екендігі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.