Отырар аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімінің бекіткен жылдық жоспарына сәйкес 14 шілде күні түнгі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз қоғамдық көпшілік орындарда жүрулерін болдырмау, кәсіпкерлерге кәмелет жасына толмағандарға темекі өнімдері мен алкогольді ішімдіктерді мүлдем сатуға болмайтындығын түсіндіру, сонымен қатар, түнгі 23:00-ден кейін ата-анасынсыз үй-жайларынан тыс жерлерде жүретін жастарды анықтап, тиісті шаралар көру алдын алу мақсатында Балтакөл ауылында кезекті рейдтік шарасы болып өтті.
Рейдтік шараға жергілікті участковой полиция капитаны Бақытұлы Қуаныш, Балтакөл ауыл округ әкімшілік аппаратының бас маманы Тұрымбет Оңалбай, Жастар ресурстық орталығының инспекторы Ибадуллаев Мейірхан қатысты.