Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАНДА 14000-ҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА 14000-ҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы кәріз жүйесі құрылысының барысын аралап көрді. Қазіргі таңда «Тұран» мен «Ыждыхат» тұрғын үй алабы аумағында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» тапсырысымен жүзеге асқан жұмыстар аумақ тұрғындары үшін тек қолайлы орта қалыптастырып қана қоймай, жаңа жұмыс орны болып та табылды.
Түркістан–Кентау бағыты бойындағы көшелердің екі жақ бетінде алғашқы құрылыс былтыр басталған. Жыл соңына дейін жоспарлы жұмыстардың бірқатары аяқталады деп күтілуде. Мұнда атқарылар жұмыстардың нәтижесінде жалпы саны 14000-ға жуық абонент кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.
Одан өзге, М. Әбенова көшесінде болған Нұрбол Әбдісаттарұлы тасжолдың көлік қозғалысы үшін қолайсыздық туындататынын назарға алып, құрылыс құжаттамасын толығымен қайта қарайтынын атап өтті, нәтижесіне сәйкес көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*