Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚҰРБАН АЙТТА АДАМДАР КӨП ЖИНАЛАТЫН ЖИЫН ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

ҚҰРБАН АЙТТА АДАМДАР КӨП ЖИНАЛАТЫН ЖИЫН ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

Түркістан қаласы «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» басшысы Марат Байтүгелов тікелей эфирге кіріп, шаһардағы індет көрсеткіштері туралы баяндады.
Ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда карантин талабын өрескел бұзып, жүйелі түрде той жиын өткізген 6 қоғамдық тамақтану нысанына шұғыл хабарлама түскен. Оның 3-не жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтарды жою туралы санитариялық ұйғарымдар берілген. 3 қоғамдық тамақтану нысанының жұмысы уақытша сот шешімімен тоқтатылған, 1 нысанның жұмысын уақытша тоқтату бойынша сот ісі әлі қаралуда. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабының 1 — тармақшасы бойынша карантин талабын бұзғандарға шара қолданылуда. Статистика бойынша 558 (оның 18 әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығару арқылы) айыппұл салынған. Оның ішінде жеке тұлғаға – 543, 11 — жеке кәсіпкерге, 1 — лауазымды тұлға мен 3 заңды тұлға. Сонымен қатар, жыл басынан бері 49 ұжымдасқан мерекелік іс-шара анықталған (44 қоғамдық тамақтану нысандарында, 5 үй жағдайында).
Ал, бүгінде індет жұқтырғандар саны 450-ді құраған. Симптомсыз тіркелгендер саны – 260, симптомды тіркелгендер саны — 190, жазылып шыққандар саны – 343 болса, медициналық бақылауда 107 науқас тіркелген. Пневмония диагнозымен 216 науқас тіркелген. Оның жазылып шыққандары 195, медициналық бақылауда -21.
Айта кететіні, алдағы 20-22 шілде аралығында «Құрбан айт» мерекесі күндері меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, жеке меншік үй иеліктерінде, медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Рұқсат етілмеген орындарда мал союға, мал сатуға да рұқсат етілмейді. Таңғы айт намазын мешіттерде ашық ауада 4 метр арақашықтықты сақтай отырып өткізу қажет. Құрбандық шалуды арнайы белгіленген мал сою орындарында жүзеге асыру керек және шалынған етті таратуға тартылған адамдар карантин талабын қатаң сақтау қажет.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*