Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жол қауіпсіздігін сақтау бойынша жадынамалар таратылды

Жол қауіпсіздігін сақтау бойынша жадынамалар таратылды

Түркістан облысының аумағында «Жол қауіпсіздігі» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты — жол көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысын бақылаудың тиімділігін арттыру.
Бәйдібек АПБ қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтауда. Көшелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне ерекше назар аударуда.
Сондай-ақ Шаян ауылындағы көшелердің жолақтары жаңартылып, жүргіншілер жолдары сызылды. Арнайы билбордтар ілініп, жол қауіпсіздігін сақтау жадынамалары көпшілік назарына ұсынылды.
Қазіргі таңда «Жол қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша қосымша жұмыстар атқарылуда.
Аудандық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге жолда жүру қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*