Түркістан қалалық полиция басқармасы Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 5-12 шілде аралығында «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонның жолдарын анықтап, басқа да көші-қон заңдылықтарының бұзылуын анықтау.
«Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде Түркістан қаласы бойынша 10 Түркия елінің азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 517-баптың 4-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша айыппұл салынып, соттың қаулысымен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Оған қоса шетелден адамдарды шақыртушы тарап болып саналған 5 қала тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 518-баппен «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» ескертулер берілді.
Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының 11 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен айыппұл салынды.
Түркістан қаласының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!