Түркістан облысында «Заңсыз келуші — 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мұндағы негізгі мақсат – шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және тұрып жатқан шетелдіктерді, сондай-ақ, заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау болып табылады.
Аталған іс-шара барысында Сарыағаш ауданында бір күнде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Өзбекстан Республикасының 10 азаматы анықталып, хаттама толтырылды.
Естеріңізге сала кетсек, «Заңсыз келуші — 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Сондықтан заңға бірдей бағынайық!
Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.