Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Карантин талаптарының орындалуы қадағалауда

Карантин талаптарының орындалуы қадағалауда

Түркістан облысында карантин режимін сақтау бойынша тәртіп сақшылары жіті қадағалауда. Яғни профилактикалық, рейдтік жұмыстарды жүргізіп, қаулыда көрсетілген басымдықтардың орындалуына баса мән беріп келеді.
Мәселен Сарыағаш АПБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары Құркелес ауылында бассейннің карантиндік талаптарды сақтамағандығын анықтады.
Кәсіпкерлік нысанның иесіне заңды шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар Сарыағаш аудандық СЭББ-ға жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан немқұрайдылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанғандарыңыз жөн.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*