Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысының полицейлері қайырымдылық жасады

Түркістан облысының полицейлері қайырымдылық жасады

Қайырымдылық — адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз.
Осындай игі іс мақтааралдық полицейлері арасында да өз жалғасын табуда. Кезекті қайрымдылық іс-шараларды жалғастыру барысында бір қойды құрбандыққа шалып, қасына азық-түлік өнімдерін қосты. Жақсылық жасауға асыққан тәртіп сақшылары жағдайы төмен, яғни жастайынан асыраушысынан айырылған 3 баланың анасына және одан бөлек 2 отбасыға көмек қолдарын созды.
Өз кезегінде асыраушысынан айырылған аналар полицейлерге алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргендеріне ризашылықтарын жеткізді. Бала қуанса, әлем қуанады. Сондықтан, бір-бірімізге қолғабыс етуден шаршамайық!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*