Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жол қателікті кешірмейді!

Жол қателікті кешірмейді!

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді.

Патрульдік полиция қызметкерлері жылдың 4 мезгілінде жол бойында тұрып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Алайда сақтық шараларын ескермейтін, жол ережесін сақтамайтын жүгенсіз жүргізушілер көп кездеседі. Олардың ішінде басым көпшілігі мас халде көлік тізгіндегендер, жылдамдықты арттыратындар, қарсы бағытқа шығып кететіндер, рөлде отырып телефонмен сөйлесетіндер.

Қазіргі таңда аталған олқылықтарға жол беретін көлік тізгіндеушілер өз өмірімен қоса өзгенің де өміріне зиян келтіруде. Сондықтан, жол-апаты орын алмас үшін үнемі жол қозғалысы ережелерін сақтауды дағдыға айналдырыңыздар.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*