Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысында 6 күнде 69 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Түркістан облысында 6 күнде 69 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Түркістан облысында өткен «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Қазақстан Респбликасына келу, болу және кету ережелерін бұзған 1276 шетелдік пен ҚР азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Олардың 908-і шетелдік, 368-і ҚР азаматтары. Оның ішінде 69 шетелдік ел аумағынан аластатылса, 71-і қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, 770 шетелдіктің саусақ іздері алынып, оның 195-інің ҚР-да болу мерзімдері қысқартылды.
Іс-шара барысында ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен 4 қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Шетел азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз еткен -308, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған -60 Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-бабтарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.
Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*