Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Сахнада — Қажымұқан

Сахнада — Қажымұқан

Биыл 150 жылдық мерейтойы республика көлемінде аталып жатқан алып күш исесі, даңқты жерлесіміз Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы көптеген өнер туындылары дүниеге келуде. Солардың бірі палуанның өмір жолына арналған Ғазиз Арыновтың «Қажымұқан» спектакль десекте болады.
Режиссер Ғазиз Арынов пен суретші Әділхан Мәліктің шығармашылық одағымен қойылып көрерменге ұсынылған спектакль өз деңгейінде шыққан деп айта аламыз.
Қойылым соңында палуан атамыз мәңгілік тыныс тапқан Ордабасыдан келген аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Құрманәлі Жылқыбай отырарлық әріптестеріне алғыс сезімін білдірді.
Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов театр ұжымына ықылас гүлін тапсыра отырып, шығармашылық табыс тілеп, отырарлықтар атынан ризашылығын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*