Отырар аудандық мәслихатының хатшысы М. Манапов Отырар ауданыны Бас имамы С. Байниязовты қабылдады.
Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Манапов келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай Отырар ауданының Бас имамы С.Байниязовты қабылдап, аудан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру, дайындық шараларын жүргізу жайлы әңгіме қозғады. Себебі адамдар көп жиналған орындарда ауруды жұқтырудың мүмкіндігі басым. Еліміз қазір жоғары қауіп-қатер жағдайында. Вирустың жаңа жұқпалы түрі анықталып отыр. Бұл бізден барынша сақтық шараларына мән беруді талап етеді.
Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Отырар ауданының Бас имамы С.Байниязов Құрбан айт мерекесіне дайындық мәселелеріне тоқталып, Мерекенің басты мақсаты құрбандық шалып, ізгілік жасау болғандықтан, мүмкіндігі жеткен адам Алла жолында мал сойып, мұсылмандық міндетін намазын мешіттерде сыртта, ашық алаңда және ара қашықтықты сақтай отырып өткізілетіндігін, өтейтінін, Құрбан айттың құрметіне, ел игілігі үшін берілгендіктен, мал сою барысында санитарлық талаптарды сақтауды тұрғындарға ескерту қажеттігін, Құрбан айт мерекесінде айт тағы басқа дайындық барысында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтті.
Отырар ауданының бас имамымен кездесу қорытындысы бойынша Аудандық мәслихаттың хатшысы М.Манапов Құрбан айт мерекесінде барынша сақтық шараларын сақтау, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді және бұл жайлы ауылдардағы имамдарға жеткізуді тапсырды.