Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мобильді топтың кезекті отырысы өтті

Мобильді топтың кезекті отырысы өтті

Бүгін Отырар ауданы әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұловтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» 06.07.2021 жылғы № 14 Қаулысын орындау мақсатында аудандық жерглікті полиция қызметінің бастығы, санитариялық-эпидемологиялық басқармасының өкілі және де ауыл округтердің мобильді топ мүшелерінің қатысуымен отырыс болып өтті.
Аудандық мобилді топ төрағасы П.Жаппарқұлов тұрғындардың әлі күнге дейін індеттің қаупінен толық сақтанбайтынын, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау режимі мен қоғамдық орындарда міндетті түрде маска тағу мәселесінде санитарлық талаптардың жеткілікті сақталмайтынын атап өтті.
Осыған байланысты №14 қаулыға сәйкес, азаматтар және жеке кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды және санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Аудан аумағында карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты шағын және орта бизнес нысандарының. Эпидемиологиялық талаптарды бұзатын объектілерге, яғни ойын-сауық орындарына, дәмханаларға, мейрамханаларға, караоке барларға, сауда орталықтарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*