Келес ауданының кәсіпкерлері де туған жерге спорт алаңшаларын салып, ауыл жастарының спортпен айналысуына мүмкіндік жасамақ. Атап айтсақ, Ошақты ауылдық округінің орталығынан бой көтеріп жатқан кіші футбол алаңын жергілікті кәсіпкер Абай Каюпов өз қаражатынан салуда.
Кәсіпкердің мәлімдеуінше, құрылыс нысаны күз айларына бітіп, елдің игілігіне пайдалануға беріледі.
Оған қосымша, ауданда спорт саласын дамытып, тұрғындарды салауатты өмір салтына бейімдеу үшін мемлекеттік жобалар жасалып, жүзеге асырылып жатыр. Нақтырақ тоқталсақ, биыл аудандағы 5 ауыл округінің орталық елді мекендерінде аудандық бюджеттің қаржысы есебінен спорт алаңдары салынуда. Ағымдағы жылдың шілде айында құрылысы басталған нысандар тамыз айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.