Арыс қаласындағы Мәдениет үйінде «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша өкілдігінің мамандары «Ашық есік» күнін өткізді. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қоғамдық қабылдауда кәсіби медиаторлар мен тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар мен психологтардан құралған топ өкілдері қала тұрғындарына тұрмыстық, әлеуметтік бағыттарда зеңгерлік кеңес беріп, тегін қызметтер ұсынды.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары