Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АРЫСТА ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АРЫСТА ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалығымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, Арыс қаласы әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысы өтті.
Күн тәртібінде 26-маусым «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында қала аумағында айлық өткізілген іс-шаралар барысы, психикалық белсендi заттарға тәуелдi адамдар профилактикасы мен оларды емдеудiң, оңалтудың, қайта әлеуметтендiру саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Нашақорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жайын сөз болды. Қала аумағында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үгіт насихат жұмыстары, әлеуметтік жарнамалар негізінде билбордтар орналастыруды жолға қою мәселесі де шешілді.
Жиында
Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Момбеков, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садықова, Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек, жастар ресурстық орталығының басшысы М.Сарыпбековалар баяндама жасады. Отырыс барысында сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*