Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АРЫСТЫҚТАРДЫҢ КӨМЕГІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

АРЫСТЫҚТАРДЫҢ КӨМЕГІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай, «Қолғабыс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қостүйін» тұйығында вагонға шөп тиеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала тұрғындары мен белсенді азаматтардың қолдау, көмегімен жиналған шөп қуаңшылықтан зардап шеккен Жаңаөзенге жеткізілетін болды.
Әсіресе, жергілікті белсенді азаматтар Әмір Ішпеков пен Зулфия Постанованың бастамашы болуымен, бүгін тағы бір мың бума шөп вагонға тиеледі.
Айта кетейік, сенбі-жексенбі күндері арыстық азаматтар «Қостүйін» тұйығында батыс өңірге 3 вагон шөп тиеп, аттандырған болатын. Ол еліміздің батысындағы Жаңаөзен қаласының шаруаларына жеткізіледі.
Қайырымдылыққа негізделген шараға белсене қатысқан азаматтарға алғыс айта отырып, бұл бағытта игі шаралар әлі де жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*