Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияға кешенді талдау жүргізуді қолға алған болатын. Мақсат – субсидияларды алу үшін өтініштерді тапсыру сәтінен бастап оны берудің ашық әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.
Осыған орай, «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі мүшелері мен аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдерінің мамандары біргелікте жергілікті шаруалармен жүздесіп, сауалнама жүргізді. Сауалнама барысында субсидияны алу барысында кездесетін қиындықтар мен дихандардың ұсыныс-пікірлері талданды. Талқыланды. Арнайы анализ жасалды.
Жетісайлық шаруалардың басым бөлігі мемлекеттік жеңілдікпен берілетін жанар жағар май мен минералды тыңайтқыштардың уақытылы жеткізілуін сұраса, енді біразы бақша дақылдарына субсидия көлемін арттыруды өтінген.