Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕТІСАЙ: ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ «ДОСТЫҚ» КАНАЛЫНА АҒЫН СУ ЖІБЕРІЛДІ

ЖЕТІСАЙ: ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ «ДОСТЫҚ» КАНАЛЫНА АҒЫН СУ ЖІБЕРІЛДІ

Ынтымақтастықтың нәтижесінде трансшекралық «Достық» кагалына секундына 80,0 текше метр ағын су жіберілді.
Дәл қазір мақталы Мақтаарал және Жетісай аудандарында вегетациялық науқан қарқынды жүріп жатыр, «Достық» каналы арқылы екі ауданға секундына 80,0 текше метр су берілуде. Атап айтсақ, Мақтаарал ауданына 38м3/сек, Жетісай ауданына 42м3/сек толық сұраныс қанағаттандырылды.
Естеріңізге салсақ, 29 маусымда Душанбе қаласында Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) Басқармасының отырысы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Р.Скляр мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Ш. Ғаниевпен және Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраевпен екіжақты кездесу өткізілген.
Кездесу нәтижесінде тараптар Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімнің нәтижесінде қажетті көлемдегі ағын су беріліп жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*