Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕТІСАЙ: АУДАН БАСШЫСЫ ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

ЖЕТІСАЙ: АУДАН БАСШЫСЫ ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Fуылдық округтерде болып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бүгін Абай ауылдық округіне атбасын тіреді.
Ең алдымен Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекенінің Бәйтерек көшесі бойында құрылысы басталған округ әкімі аппараты жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құны 30 млн теңгені құрайтын ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер «Құрылыс Нұртас» ЖШС басшыларымен кездесті, қолбайлау болуы ықтимал жағдаяттар жайлы ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс нысанға қажетті құрылыс материалдарының сапалы, кестеге сай тапсырылуын қадап тапсырды.
Сонан соң аудан басшысы Бәйтерек көшесі бойында орналасқан аллеяның қоршау жұмыстарының құрылысын аралады. Құрылыс нысанының жалпы құны 19 млн теңгені құрап отыр. Мұнда алдағы уақытта Жүзімдік елді мекенінің тұрғындары бос уақыттарында серуендеуге арналған аяқ жолдар мен гүлзарлар, скверлер мен орындықтар орнатылатын болады. Түрлі түсті жарық шамдар қойылып, ауыл тұрғындарына қажетті жағдайлар жасалмақ.
Сонымен қатар, округ әкімі алдағы уақыттарда шаңырақ көтерген ауыл жастарының серуен алаңшаларын да іске қосу жоспарда бар екенін айтады.
«Мемлекет қаржысының әрбір тиынының мақсатты жұмсалуы мен құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау жасауды күшейткенбіз. Бұл жұмыста бізге ауыл тұрғындары, ақсақалдарымыз да үлкен көмек беруде. Өйткені, бүгін біз жасаған дүниелерді болашақта перзенттеріміз, іні-қарындастарымыз пайдаланады» дейді Абай ауылдық округінің әкімі Бағдат Оспанов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*