Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОН ӨТТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОН ӨТТІ

Елдегі жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттай отырып, олардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ біргелікте «Адал бол» спорттық марафонын өткізді.
Шара барысында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен нәтижелеріне тоқталып, заңдылықтарын түсіндірген «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Мутаев жастарға сәттілік тіледі. Жемқорлықсыз болашақ құруды қазірден бастау керектігін айтты. Адалдыққа шақырды.
Айта кетейік, жобалық кеңсе мүшелері бұған дейін де аудандағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында заңгерлер мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосып студент жастармен бірнеше жиын өткізген, аудандық мәслихаттың депутаттарымен халыққа қызмет көрсету орындары мен тұрғындар жиі жүретін көшелерде жемқорлыққа қарсы арнайы үнпарақшалар да таратқан болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*