«Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі мен Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінін базасында тұрмыстық жемқорлықты жою және жайлы жағдайлар жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жас отбасылар арасында «Парасатты отбасы» тақырыбында байқау өтті. Байқауға жаңадан шаңырақ көтерген, мемлекеттік қызмет саласынла немесе бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайтын ерлі-зайыптылар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтпай Махамбетов, Жетісай қаласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұғалбек Жұмабаев, «Сәулем-ай» әжелер тобының төрайымы Сапаркүл Әзімбекова мен топ мүшесі Зульфия Исаевалар қатысты.
Байқау барысында отбасы құндылықтары мен адалдық, парасаттылық жайында сұрақтар қойылып, пікірталастар ұйымдастырылды. Ұсыныстар тыңдалды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша қарқынмен ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігі, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде бірдей қарым-қатынас жасауы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының тұрақты түрде жүзеге асырылуының нәтижесі екендігін түсіндірген аға буын өкілдері жас отбасылардың алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.