Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастырумен «Жаңғыру – жазудан басталады» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған дөңгелек үстел «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында өткізілді.
Дөңгелек үстелге дербес бөлім мамандары, Түлкібас аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар жетілдірілген әліпбимен танысып, диакритикалық таңбалардың атаулары, мағыналары түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылар латын графикасында берілген сөздерді оқып, көз дағдыларын қалыптастырды.