Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түлкібас аудандық филиалының директоры У.Кембаев және мамандары мен мемлекеттік инспекторлары және «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің төрағасы А.Имашев мемлекеттік мекемеде қоғамға теріс көзқарас қалыптастыратын әрекеттерін алдын алу жұмыстарын күшейту туралы жиналыс өтті.
Аудандық «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің төрағасы А.Имашевтің баяндамасыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламаны жүзеге асыру жолдарын нақтылап түсіндірді.
Филиалдың орман қорғау және молайту инженері Е.Қаспақов өз сөзінде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі жүйесінде сыбайлас жемқорлық бойынша броконьерлікті жоюға бағытталған табиғатты қорғау іс шараларын керектігін атап өтті.
Филиал директоры У.Кембаев алдағы уақытта келеңсіз жағдайлар орын алмау , сыбайлас жемқорлыққа жол бермей және алдын алу үшін өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауларына шақырды.