Түлкібас аудандық орталық кітапханасында 6 шілде — Елорда күніне орай «Тұғыры мығым-Нұр-Сұлтан» атты мерекелік кеш өтті.
Шараға Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Түлкібас аудандық филиалының басшысы Нұранов Асланбек Турабекұлы, ауданның құрметті азаматы, кәсіпкер, меценат, маслихат депутаты Қайшыбеков Сапарғали Леспекұлы, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Тұрсынқұлова Толқын Рысқұлқызы, халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық, аумақтық орталықтың директоры Түкербаева Майра Сабитқызы, аудандық Түрік этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Қадыров Фридин және аудандық Д. А. Қонаев қорының басшысы Б. Қоқыров қатысып, өздерінің жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының тарихы туралы айтылып, мерекеге орай әсем әндер төгілді.
«Кемел елдің келешегі-Нұр-Сұлтан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды.