Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮЛКІБАСТА АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮЛКІБАСТА АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Түлкібас аудандық мәдениет үйінде ардагерлер кеңесінің кезекті конференциясы өтті. Шараға аудан әкімі Байғұт Нұрлан Мархабатұлы, аудандық мәслихат хатшысы Сейсенбаев Садуахас Балтабайұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай Нұрлыбайұлы және ардагерлер ұйымдарының делегаттары қатысты.
Күн тәртібінде Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің 2016-2021 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды.
Сонымен қатар, жиында көпшіліктің дауыс беруімен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен тексеру комиссиясының мүшелері де сайланды. Сондай-ақ, Түркістан облыстық ардагерлер ұйымның конференциясына делегаттар да осы отырыс аясында айқындалды.
Алдын ала нақтыланған мәселелер шешілген соң, сөз алған аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы қариялар қауымының белсенділігіне ризашылығын білдерді.
«Ең алдымен мен осында отырған ардагерлеріміз бен қарттарымызға риясыз алғыс айтқым келеді. Өйткені, Түлкібастық ардагерлер елдің мәселесін оңтайлы шешуде әкімдік өкілдері мен етене арласып, өте белссенді жұмыс жүргізеді», — деді Нұрлан Мархабатұлы.
Ардагерлер ұйымы мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде, осы кезге дейін Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып келген Қасымбек Сәтбай Нұрлыбайұлы аталған лауазымды алдағы 5 жыл бойы әрі қарай жалғастыратын болып шешім қабылданды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*