Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастырумен «Сауатты жарнама- тіл тазалығының айнасы» атты акция өтті. Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар т.б.) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес рәсімделуін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Акцияға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің мамандары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтпай Нұрлыбайұлы Қасымбек, «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері қатысты.
Акция аясында заң талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалынып, коммерциялық обьектілерге әдістемелік көмек, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.